ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2769
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Түркістан қаласының тұрғындарын жеке қабылдауы 2022 жылғы 31 наурызда сағат 16.30-де Түркістан қаласында «Ақжайық» музыкалық мектебінде өтеді.
​Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Кентау қаласының тұрғындарын жеке қабылдауы 2022 жылғы 8 сәуірде сағат 11.30- де Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында өтеді.
​Түркістан облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Сауран ауданы тұрғындарын жеке қабылдауы 2022 жылғы 8 сәуірде сағат 16.30-де Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өтеді.
​Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-98-90 байланыс телефондары және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 31 наурызға және 8 сәуірге дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.
​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.