ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

2362
Мұғалім өз бойына біліктілігі мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіре алса ол – кемел ұстаз болғаны. Шымкент қаласында 27 жылдан бері шәкір тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келген Индира Майлыбайдың бойында осындай кемелдікдің айқын көрінісі байқалады.
Қызмет жолын бастауыш сынып оқушыларын оқытумен бастаған Индира Оңғарбайқызы бүгінде беделді педагог, Ө.А Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейдің үздік ұстаздарының бірі.
– Ұстаз деген ұлағатты сөзді естігенде күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. Сондықтан болар үнемі «ізденуім керек» деген ой санамды жаулап тұрады, – дейді мұғалім.
Қабілеті мен қарымын, ұстаздық жолдағы адымын шәкірт біліміне, тәрбиесіне бағыттаған ұстаздың толағай табысы мен еңбектерінің жемісі соның айғағы. Бүгінде ұстаздың шәкірттері қалалық, республикалық олимпиадаларда топ жарып, жүлделі орындардан көрінуде.
Шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі үшін 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғыс хаты» табысталды. Ал, 2021 жылы «Білімгер» журналында жарияланған ғылыми мақаласы үшін министрліктің граммотасымен марапатталған.
Ұстаз болу – адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Индира Оңғарбайқызы сынды педагогтарымыз барда білімнің салтанат құрары сөзсіз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі