ШЫМКЕНТТЕ КӨРІСУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

510
Шымкент қаласында Көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекені тойлау 14 наурыздан басталады. Биыл Наурызды бірнеше күн қатарынан түрлі атаулармен атап өту ерекше қолға алынған. Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, жылы лебізін білдіреді.
Ордабасы алаңында өткен мерекелік шарада қаладағы мәдениет және өнер ұжымдары қатысып, тұрғындарға салт-дәстүрден сыр шерттетін қойылымдарды тарту етті.
Көрісу мерекесі «Shymqala» этноауылда жалғасын тапты. Тұрғындар қаладағы мәдениет басқармасына қарасты мекемелер ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалады.
–Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар он күнге жоспарланған. Биылғы мереке концерттік бағдарламалармен ерекшеленеді. Наурызды қаланың барлық аумағында өтетіндей етіп ұйымдастырып отырмыз, –деді мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова.
Этноауылда өткен мерекелік шарада «Қазақ» оркестрі мен өзге этнос өкілдері де өнерлерін ортаға салып, ән мен жырдан шашу шашты.
Наурыз тойының «Жайлау күні» деп аталатын мерекелік шарасы 15 наурыз күні этноауылда өтеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі