ЕҢБЕГІ «АЛТЫН КІТАПҚА» ЕНГЕН ҰСТАЗ

117
Шымкент қаласындағы №28 «Гауһар» балабақшасы сөйлеу функциялары бұзылған балаларға алғашқы білімін жетілдіріп, өзге балалар секілді қалыпты мектепте оқуға жол ашуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысындағы басты тұлға – балабақша меңгерушісі. Улдархан Такибаева №28 «Гауһар» балабақшасын 2014 жылдан бастап басқарып келеді.
Ұстаздық еңбек жолын тәрбиеші, педагог-психолог, әдіскер болып бастаған меңгерушіні әріптестері жаңашыл деп біледі.
Ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне білген меңгеруші Улдархан Ақжігітқызы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен оқытуда, арнайы түзеу жұмыстарын жүргізуде өз тәжірибесімен республика, қала көлемінде бөлісіп отыр.
Бүгінге дейін 10 ғылыми мақала және бірнеше авторлық жұмыстары жарық көрген. Балабақша өміріне жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша оймен қарайтын тәжірибелі педагогтың басшылығымен балабақша ұжымы қала, облыс, республика көлемінде танымал болуда.
Көп жылғы ұстаздық еткен еңбегі жоғары бағаланып «Білім беру ісінің үздігі» үшін, «Ұлағатты ұстаз», «За вклад в развитие образования» төсбелгілерімен және ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Ұлағатты ұстаз Халықаралық «Лучшие люди Лучшие в образование» энциклопедиясына және Қазақстан педагогтерінің «Алтын кітабына» енген.
У.Такибаева өз мамандығын сүйіп атқарғанын, еліміздің түкпір түкпірінде қызмет етіп жүрген балабақшадан ұшқан ерекше шәкірттерінен аңғара аламыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі