БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ЖАЛҒАСУДА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті әкімдіктерге тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуді тапсырған болатын. Осыған орай қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен қалада кешеден бері бірыңғай қабылдау күні өтуде.
Бүгін «Ашық есік күні» аясында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
«Түркістан» сарайында өткен қабылдауға келген азаматтар әртүрлі мәселелерді қозғады. Кейбірі баласының денсаулығы бойынша көмек сұрап келсе, енді бірі жұмыспен қамту, медициналық қызметтің сапасы, мүгедектік тағайындау, әлеуметтік көмек алу және өзге де тақырыпты қозғады. Қала әкімінің бірінші орынбасары барлық тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін және ұсыныстарын мұқият тыңдап, барлығына жан-жақты жауап берді.
Қала әкімдігінің тұрғындармен ашық диалог құруға дайын екенін айтып, мәселелердің заң шеңберінде шешілетінін жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі