ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҰСТАЗ

Қаладағы №4 мектепте өзін жақсы жағынан көрсетіп, үздік оқыған Қадиржан Хусанов бүгінде Шымкенттің ең үздік ұстаздарының бірі болып отыр.
Қ.Хусанов тек мектепті ғана емес жоғары оқу орында да өзінің талапшылдығы мен ізденімпаздығын көрсетіп, «Үздік» дипломмен тәмамдағын.
Жас маман №108 мектепте алғашқы еңбек жолын бастап, физика және математика пәнінің мұғалімі болды. Ол еңбек жолында көптеген жетістіктерге жеткен. Мектепшілік, қалалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардан көрінген.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеті мен өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Осы жолда ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен пайдаланып, «Ютуб» желісінде «Физиканы оқып үйренейік» атты өз каналын жүргізуді бастады.
Қ.Хусанов білім мен тәрбиені ұштастырған білікті ұстаз. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжыммен тіл табысқыш, кішіпейіл, адамгершілігі мол, мінезі ашық қарапайым ұстаз. Қодиржан секілді қоғамға лайықты, білімді де, білікті ұстаз болу – бүгінгі күннің басты талабы.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі