ТАЗАЛЫҚ – ЫНТЫМАҚТАН БАСТАЛАДЫ

1536
Абай ауданындағы Нұршуақ шағын ауданының Қоғамдық бақылау кеңесінің бастамасымен «Тазалық – ынтымақтан басталады» атты сенбілік өтті.
Сенбілікке шағын ауданның 200-ге жуық тұрғындары қатысып, өз аулаларымен қоғамдық ортаны және шашылған бей-берекет қоқыстарды тазалап, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, қоғамдық бақылау кеңесі бұл іс-шараны Қаратау, Еңбекші және Әл-Фараби ауданының қоғамдық бақылау кеңесіне жолдап, тазалықты насихаттады.
Сенбіліктің басты мақсаты – қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу. Көшелерді және аулаларды абаттандырып, қаланы тазалау жұмысына кез-келген тұрғыны қосыла алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі