ТҰРҒЫНДАР АРЫЗ-ШАҒЫМЫНЫҢ ОРЫНДАУ КӨРСЕТКІШІ 90 ПАЙЫЗДАН ЖОҒАРЫ

788
«Шымкент ситуациялық 109 орталығы» 2020 жылдың маусым айында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен қызметін бастаған болатын.
Алғашқыда мекеме қала тұрғындарына 30 қызмет түрін көрсетті. 2021 жылы қызмет түрлерін 93-ке дейін арттырды. Биыл орталық көрсететін қызмет түрлерін 200-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатта орталық қызметкерлері 24/7 жұмыс жасауда.
2021 жыл қорытындысы бойынша, ситуациялық 109 орталығына келіп түскен арыз-шағымдарды жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктерінің орындау көрсеткіші 90% жоғары болды.
Басқармалар арасында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ең көп 11 289 арыз-шағым түсіп, оның 99,7% орындалған. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту – 99,57%, денсаулық сақтау басқармасы – 99,56%, құрылыс басқармасы – 99,25% болса, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына түскен 206 арыз-шағымның 187-і орындалып, 98,05%-ды құрады.
Аудан әкімдіктерінің ішінде шағымдардың орындалуы бойынша Абай ауданы мен Қаратау ауданы әкімдігі 99,99%-бен көш бастап тұр. Ал, Әл-Фараби және Еңбекші ауданы әкімдіктерінің көрсеткіші 99,4% болды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі