ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНЕ

1021
Түркістанда Ұлыстың ұлы күніне орай дүбірлі той өтті.
“Қош келдің, Әз наурыз!” мерекелік шарасы аясында тұрғындар үшін арнайы дастарқан жайылып, наурыз-көже таратылды. Ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, мықтылар жүлделерін ортаға салды.
Әнші де, биші де, он саусағынан өнері тамған шебер де елімізге әз-Наурыздың салтанатпен кіруіне өз үлестерін қосты.
Жыл басы тойында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы ат басын бұрып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Ыстық лебізін білдіріп, мерекелік тілегін айтты.
Мерекелік жиын Жібек жолы саябағында, Жеңіс саябағында және Қазыбек би аллеясында салтанатпен аталып өтті.