«Өз туған күнінде – өз таңдауын жасады»

122

“Жаңаталап” тұрғын алабындағы №58 референдум учаскесінде Алибеков Ергешбай өз таңдауын жасады.

Референдуммен тұспа – тұс келген Ергешбай ақсақал бүгін 80 жасқа толып отыр. “Референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Отанымыз гүлдене берсін! Ең бастысы – бейбітшілік пен қауіпсіздік” – дейді Ергешбай ата.

Референдум учаскесінде, таңертеңнен бері белсенділік жоғары деңгейде. Дауыс беріп жатқан адамдар саны артуда.