
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 5 маусым “Республикалық рефрендум” күні болып бекітілген.
Бүгін де Үшінші мегаполисте тұрғындар Мемлекет басшысының бастамасын қолдап Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өз таңдауларын жасауда.
Өз таңдауын жасағандардың бірі – студент Аружан Молдашева. Ол референдумға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасаған ең жас тұрғын.
Аружан – еліміз үшін бұндай айтулы күнде әрбір қазақстандық өз пікірін қалдыру керектігін жеткізді.